«Хизб ут-Тахрирдің» 25 мүшесі ұсталды

Фотография - «Хизб ут-Тахрирдің» 25 мүшесі ұсталды

Дағыстан полициясы «Хизб ут-Тахрир» тыйым салынған экстремистік ұйымының акциясына тосқауыл қойды

101 0

Дағыстан полициясы «Хизб ут-Тахрир» тыйым салынған экстремистік ұйымының акциясына тосқауыл қойды, деп хабарлайды РБК.


Дағыстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымның жалауы желбіреген 25 автокөлік Кизляр қаласына кірмек болады, алайда олар қаланың шекарасында полицейлермен тоқтатылды.

Нәтижесінде 25 адам ұсталды, соның ішінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, полицияға қарсылық көрсеткен Магомед Карташев та болды. Ұсталғандарға қатысты құқықтық шешім алдағы уақыт еншісінде.

«Хизб ут-Тахрир» (Исламдық азат ету партиясы) 1953 жылы құрылған. Бүкіл әлемде ислам мемлекетін құруды мақсат ететін ұйымның қызметіне көптеген елдерде, соның ішінде Ресейде де, тыйым салынған. Көрші елдің жоғарғы соты ұйымның қызметін лаңкестік деп таныған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!