Ирак спутинктік 10 телеарна жұмысын тоқтатпақ

Фотография - Ирак спутинктік 10 телеарна жұмысын тоқтатпақ

Бірақ "Әл-Жазира" телеарнасы хабар таратпау туралы әлі ескерту алмаған.

155 0

Ирак үкіметінің жоғарғы шенді шенеунігі елде "зорлық-зомбылық пен дінаралық жаулықты насихаттайды" деген себеппен "Әл-Жазира" телеранасы мен тағы тоғыз спутниктік телеарнаның лицензиялары тоқтатылғанын хабарлады.

Үкіметтің коммуникация және БАҚ бойынша комиссиясының өкілі Муджахид Әбу әл-Хаильдің айтуынша, үкіметтің бұл қадамы "аталған он телеарнаның елде жұмыс істеуіне шектеу қойып, мемлекеттің ішкі жағдайларынан хабар таратуына мүмкіндік бермеу" мақсатында жасалған.

Бірақ "Әл-Жазира" телеарнасы хабар таратпау туралы әлі ескерту алмаған.

Ирактың солтүстігінде 23 сәуірде сүнниттер мен полиция арасында қақтығыстан соң басталған зорлық-зомбылықтарда 180-нен астам адам қаза тапқан еді. Бұл - осыдан төрт ай бұрын сүнниттердің шииттік үкімет тарапынан жасалып жатқан қысымға наразылық танытуынан кейін болып отырған алғашқы ірі оқиға.


Тегтер:

Ирак

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!