АҚШ-та ер адам шіркеу қызметкерлерін пышақпен жаралады

Фотография - АҚШ-та ер адам шіркеу қызметкерлерін пышақпен жаралады

28 сәуір күні Нью-Мексико штатының Альбукерк қаласындағы шіркеулердің бірінде қолына пышақ ұстаған ер адам хоршыларға шабуыл жасаған.

211 0

28 сәуір күні Нью-Мексико штатының Альбукерк қаласындағы шіркеулердің бірінде қолына пышақ ұстаған ер адам хоршыларға шабуыл жасаған.

БАҚ хабарлауынша, 4 адам жарақат алған. Дәрігерлер екеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлаған. Reuters агенттігі жарақат алғандардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ деп хабар таратқан.

4 адамды жарақаттаған азаматтың жеке тұлғасы анықталды. Ол 24 жастағы Лоуренс Кейпнер. Куәгерлердің айтуына қарағанда, ол «Жалған уағыз айтушы!» деп айқай салып, хор айтушыларды жаралаған. Шіркеу қызметкерлері бүлік шығарған жігітті ұстап алып, полицейлерге хабар беріпті.

Жергілікті билік қанды оқиға орын алған шіркеуе жұмыс істемейтінін айтыпты. Жексенбі күні орташа есеппен алғанда бұл шіркеуге 4 мыңға жуық адам келіп, мінажат етеді екен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!