Босния соты жемқор-президентті бір ай қамауға алды

Фотография - Босния соты жемқор-президентті бір ай қамауға алды

Шенеуніктер сотталғандарға рақымшылық жасағаны үшін пара алған деп айыпталуда.

204 0

Босния және Герцеговинада елдегі соғыс біткеннен кейін алғаш рет жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 20 адам тұтқындалған, олардың арасында федерация президенті Живко Будимир да бар, деп жазады әлемдік басылымдар. Шенеуніктер сотталғандарға рақымшылық жасағаны үшін пара алған деп айыпталуда.

Жемқорлыққа қатысы бар деген шенеуніктер 26 сәуір күні тұтқындалғаны белгілі.

Федерация басшысы мен оның 4 серігі бір айға шейін қамауда отырмақ. Бір қызығы, босниялық заңда мемлекет басшысын сотпен қудалаудан қорғайтын дербес құқықтығы жоқ екен.Сот қамауға алынғандарды босатудан бас тартқан. Өйткені олар шетелге кетіп қалуы, болмаса тергеуге кедергі жасауы мүмкін. Адвокаттар болса шешімді өзгертуге тырысып жатыр.

Полицияда оның сотталғандарды босатуға ақша алу жайында айтып қалғаны жөнінде аудио жазба бар көрінеді. Ол сайланғаннан бері 2011 жылдың мамыр айынан 2012 жылдың қыркүйегіне шейін 122 адамға оның ішінде 35 кісі өлтіргендерге рақымшылық жасаған.

Салыстыру үшін айта кетсек, көршілес Сербия президенті жылына бір адамға ғана рақымшылық жасапты.

Жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда Живко Будимир сотталғанның бір жылғы жазасын кешіру үшін 15 мың еуро көлемінде ақша сұраған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Босния

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!