Жұмыссыз қалған Рим тұрғыны саясаткерге шабуыл жасаған

Фотография - Жұмыссыз қалған Рим тұрғыны саясаткерге шабуыл жасаған

Жексенбі күні Италия үкіметі ғимаратының жанында атыс орын алды, 2 карабинер жараланды

202 0

Жексенбі күні Италия үкіметі ғимаратының жанында атыс орын алды, 2 карабинер жараланды. Оқ атқан адам ұсталды, ол Луиджи Преити есімді Италия азаматы болып шықты.

«Бұл оқиға жексенбі күні Рим қаласының Киджи сарайының маңында орын алды. Ол жерде жақында премьер-министр қызметіне тағайындалған Энрико Летта әлі болмаған. Премьер-министр сол уақытта президент Джорджо Наполитаноның резиденциясында мемлекет басшысына ант беріп жатқан. Резиденция үкімет сарайынан бір шақырым жерде орналасқан», - делінген ақпаратта.

Преити поста тұрған карабинерлерге оқ атқан, олардың біреуі жараланған. Оған қарсы оқ атылғаннан кейін қылмыскер ұсталған. Сондай-ақ, атыс кезінде  жүкті әйел жараланған. Жараланғандар ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты. Үкімет сарайына жаңадан тағайындалған қорғаныс министрі Марио Мауро келді. Қазіргі таңда ғимарат қоршауға алынды.

Луиджи Преити екі жыл бұрын әйелімен ажырасып, жұмысынан да айырылып қалған. Ол бәрінен үмітін үзіп, саясаткерлердің бірін атып өлтірмекші болған. Тұтқындалған сәтте ол өзін атып тастауды өтінген.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!