Испаниядан латынамерикалық мигранттар көшуде

Фотография - Испаниядан латынамерикалық мигранттар көшуде

Себеп – Испаниядағы жаппай жұмыссыздық пен қаржы дағдарысы

155 0

Екі мыңыншы жылдардың басында Испанияға Колумбия, Эквадор, Боливиядан келген мигранттар туған жерлеріне қайта қоныс аударып жатыр. Себеп – Испаниядағы жаппай жұмыссыздық пен қаржы дағдарысы.

Дағдарысқа дейін Испаниядағы латынамерикалық мигранттардың саны 1,2 миллион адамды құрайтын. Сондай-ақ, олар елден көшіп кетуді жоспарламаған деп хабарлайды rosbalt.ru.

Испанияның ұлттық статистика институтының есебіне сенер болсақ, елдегі тұрғындар саны 206 мыңға азайып, 47,1 миллионды құраған. Ал, мигранттар саны 216 мың адамға қысқарып отыр.

Елдің сыртқы істер министрі Рикардо Патиньо болса Испаниядағы ипотекалық дағдарысқа кінәлілерді анықтап, оларға заң шеңберінде шара қолданатындығын айтты. Ал, Эквадор елшілігі өз азаматтарының шығынға ұшырағаны үшін Испания тарапынан, атап айтқанда банктерден өтемақы алуды көздеуде. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!