Хамид Карзай ЦРУ-дан қаржы алғанын растады

Фотография - Хамид Карзай ЦРУ-дан қаржы алғанын растады

Ауғанстан президенті Хамид Карзай өз әкімшілігінің АҚШ-тың Орталық барлау басқармасынан (ЦРУ) ақша алып отырғанын растады. Таяуда New York Times газетінде ЦРУ-дың Хамид Карзайға соңғы он жылда қолма-қол, шабаданмен, пластик қапшықтармен ондаған миллион АҚШ долларын беріп келгені туралы мақала жарияланған еді

220 0

Ауғанстан президенті Хамид Карзай өз әкімшілігінің АҚШ-тың Орталық барлау басқармасынан (ЦРУ) ақша алып отырғанын растады. Таяуда New York Times газетінде ЦРУ-дың Хамид Карзайға соңғы он жылда қолма-қол, шабаданмен, пластик қапшықтармен ондаған миллион АҚШ долларын беріп келгені туралы мақала жарияланған еді.

Карзай Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі "өткен он жылда ЦРУ-дан қаржы алып отырғанын" айтты. Оның мәлімдемесінде "қаржының соншалықты көп емес екені және оның қайырымдылық мақсаттарға жұамсалғаны" айтылады. Карзай қаржылай көмектің "өте пайдалы болғанын" жеткізген.

New York Times газетінде басылған мақалада АҚШ билігінің аты-жөні құпия өкілінің сөзі келтіріледі. Шенеуніктің сөзіне қарағанда, ЦРУ-дың Ауғанстанда ықпалға ие болу үшін берілген қаржысы елде сыбайлас жемқорлықтың өсуіне әкеп соққан және дала командирлерінің билігін күшейтіп, АҚШ-тың Ауғанстаннан кетуін қиындатып жіберген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!