Аштық жариялағандарға көмекке 40 дәрігер келді

Фотография - Аштық жариялағандарға көмекке 40 дәрігер келді

АҚШ-тың Гуантанамо базасындағы түрмесінде аштық жариялап жатқан сотталушыларға көмекке 40 дәрігер келіп жетті

237 0

АҚШ-тың Гуантанамо базасындағы түрмесінде аштық жариялап жатқан сотталушыларға көмекке 40 дәрігер келіп жетті. Бұл жайында BBC хабарлап отыр.

Түрме басшыларының айтуынша жазасын өтеп жатқан 166 адамның жүз шақтысы берген тамақты ішпей, қарсылық шарасын өткізіп жатыр. Олардың жиырма біріне күштеп тамақтандыру шарасы қолға алынған. Дегенмен, американдық медициналық ассоциациясының өкілдері сотталушылар күштеп ас-ауқат қабылдаудан да бас тартуға құқылы.

Аштық жариялаушылар тобы бұл қадамға тура үш айдай уақыт бұрын барған болатын. Наразы болған шағын топқа кейін жазасын өтеушілердің жартысы қосылды. Мамандар хабарлағандай, олар түрме қызметкерлерінің жеке заттарын алып қойғандығына және қасиетті Құран кітаптарын қорлағандығына қарсылық танытып, аштық жариялап отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!