Шыңжаңда қақтығыстан соң 19 адам ұсталды

Фотография - Шыңжаңда қақтығыстан соң 19 адам ұсталды

Ұсталғандардың қай ұлт өкілі екені белгісіз.

102 0

Қытай полициясы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында өткен аптада болған қақтығыстан соң 19 адамды тұтқындап, қолдан жасалған жарылғыш заттар мен қару-жарақ тәркілегенін хабарлады. Ұсталғандардың қай ұлт өкілі екені белгісіз.

Шыңжаңда жергілікті этникалық ұйғырлар мен полиция арасында қақтығыс болып, 21 адам (оның 15-і - полицей) қаза тапқан еді.

Шыңжаңда соңғы рет ең қанды қақтығыс 2009 жылы шілдеде болған еді. Ол кезде автономиялық аудан орталығы Үрімжі қаласындағы бүлікте 200-ге тарта адам мерт болған.

Шыңжаң - Қытайдың Орталық Азия, Ауғанстан және Пәкістанмен шектесетін аймағы. Мұнда тұратын жергілікті ұйғырлар Пекин тарапынан діни және мәдени қысым көретіндерін айтып, наразылық білдіріп тұрады.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!