Қытай – қыдырымпаз халық

Фотография - Қытай – қыдырымпаз халық

Бұл елде саяхатшылардың көбеюін экономикалық дамудың көрсеткіші екенін атап өтті

264 0

Қытай туристері әлемдік туризм саласындағы ең белсенділердің көшін бастап тұр. Жуырда Қытай туризм академиясының басшылары осындай мәлімдеме жасап, бұл елде саяхатшылардың көбеюін экономикалық дамудың көрсеткіші екенін атап өтті.

Newsru.com интернет порталының хабарлауынша, өткен жылы Қытай Ха­­лық республикасынан 80 млн адам әлем елдерін аралауға аттанған. Бұл көрсеткіш туристерінің көптігімен алдыңғы қатарда жүрген Америка мен Германия елдерінен бірнеше есеге асып түсті. Мамандардың ай­туынша, 2012 жылы қытайлықтар саяхат үшін 100 млрд АҚШ долларын жұмсаған жә­не бұл соманың үштен екісі шо­пингке арналғандығы анық­та­лып отыр. Global Вlue оператор­лары­ның мәліметтеріне сенсек, Қы­тай туристері Еуропа, Гонконг не­месе Сингапурға бір барып-келу үшін 15 мың доллар жұм­сайды, ал оның орта есеппен 1,5 мыңы дүкен ара­лауға ке­теді екен. Саяхатта кететін шығынды есептеп көрген сарапшы­лардың мә­лімдеуінше, өткен жыл­дармен са­лыстырғанда қазір Қытай азаматтары 30%-ға дейін артық ақша жұмсайтын болған. Қы­тайдың туризм ака­де­миясы басшы­лары­ның айтуынша, туристердің көбеюі – ха­лықтың әлеу­меттік жағ­дайының кө­теріл­гендігінің белгісі.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!