Токио губернаторы Стамбұлдан және мұсылмандардан кешірім сұрады

Фотография - Токио губернаторы Стамбұлдан және мұсылмандардан кешірім сұрады

«Ислам елдерін тек өздерінің Құдайы ғана біріктіреді. Қалған уақытта олар үнемі қырқысып жатады»

116 0

Токио губернаторы Наоки Иносэ мұсылман елдері мен Стамбұлға тіл тигізгені үшін ресми түрде кешірім сұрады. 2020 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Токиомен бірге Түркияның Стамбұл қаласы да үміткер болғандықтан жапон губернаторы ішіне жиналған «мұң-ызасының» барлығын журналистер алдында жариялап жіберген болатын.

«Мен өзімнің балағат сөздерім үшін кешірім сұраймын. Ислам елдері арасында түсініспеушілік туғызуы мүмкін пікірлерім үшін ұяламын» деді ол.

Өткен демалыста «Нью-Йорк таймс» газеті Наоки Иносэмен сұхбат жариялап, онда губернатор Стамбұл қаласының инфрақұрылымы Токиодан әлдеқайда төмен екендігін ашық айтқан. Ал, Стамбұл байқаудан жеңген жаңдайда тарихта алғаш рет Олимпиада ислам елдерінің бірінде өткізіледі. Бұл мәселеге келгенде Иносэ қысқа қайырды: «Ислам елдерін тек өздерінің Құдайы ғана біріктіреді. Қалған уақытта олар үнемі қырқысып жатады» деп.

Түркияның спорт министрлігіндегілер болса жапон губернаторының бұл пікіріне өкініштерін білдіріп, оны «олимпиадалық рухқа қарсы шықты» деп айыптады. Халықаралық Олимпиада комитеті де Токионы ұстамды болуға шақырып отыр. Аталған комитеттегілер ресми Токиоға хат жазып, мәселенің мән-жайын түсіндіруін талап етуде.

Ал, Иносэнің өзі болса сұхбат шыққан күннің ертесіне-ақ ақталып, басылым сөзімді өзгертіп басты деп мәлімдеген. Дегенмен, «Нью-Йорк таймс» мақаланың еш өзгеріссіз шыққандығын дәлелдеуге дайынбыз деп отыр.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!