Еуропа соты: Тимошенконың ісі - адам құқын бұзу

Фотография - Еуропа соты: Тимошенконың ісі - адам құқын бұзу

Адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты Украина оппозициясының жетекшісі, бұрынғы премьер Юлия Тимошенконың сотталуын адам құқын бұзу болып саналады деген ұйғарым жасады

388 0


Адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты Украина оппозициясының жетекшісі, бұрынғы премьер Юлия Тимошенконың сотталуын адам құқын бұзу болып саналады деген ұйғарым жасады. Сот 30-сәуірде Францияның Страсбург қаласында "Тимошенконың тұтқындалып, сотталуы - заңсыз және оның саяси астары бар" деген бірауыздан қорытынды жасаған.

2004 жылғы демократиялық төңкеріске жетекшілік еткен Юлия Тимошенко 2011 жылы қазанда премьер-министр болып тұрған кезінде Ресеймен газ келісімін жасауда қызметін теріс пайдаланды деген айыппен 7 жылға сотталған еді.

Бірақ Тимошенко президент Виктор Янукович үкіметі қылмыстық істі қолдан жасап,  өзін адам төзгісіз жағдайда ұстап отыр дейді. Ол түрмеде денсаулығы нашарлап, бірнеше рет емделген.

Ал Украина үкіметінің заңгерлері Еуропа сотының шешімін "негізсіз" деп санап отыр.

Тимошенконың ісі Украина мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіріп отыр. Еуропа Одағы мен АҚШ оның қудалануында саяси астар бар бар дейді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!