Құс тұмауы белең алып, қаза тапқандар саны өсуде

Фотография - Құс тұмауы белең алып, қаза тапқандар саны өсуде

Вирусты зерттеген қытай ғалымдарды осындай ақпарат таратты.

818 0

Қытайда құс тұмауын жұқтырған тағы бір науқас көз жұмды. Шанхай қаласының 89 жасар тұрғынын ақ халаттылар ажалдан арашалай алмады. Індеттен қаза тапқандар саны осымен 23-ке жетті. Мутацияланған H7N9 вирусы адамнан адамға жұғады. Вирусты зерттеген қытай ғалымдарды осындай ақпарат таратты.


Қытай билігі аурудың таралуына тосқауыл қою шараларын мықтап қолға алды. Соған қарамастан, таяуда Тайванда құс тұмауын жұқтырған бір науқас анықталды. H7N9 вирусы Қытайда наурыз айынды тіркелді.

Алайда, бүгінгі күнге дейін аурудың адамнан адамға жұғу дерегі болмаған-тын. Вирус анықталған адамдардың да бәрі бірдей құс ұстамаған. Белгілісі, науқастардың бәрі өзге адамдардан оқшау жерде ем қабылдайды. Ресми мәліметтерге сенсек, Қытайда 109 науқас H7N9 вирусын жұқтырған. Соның 23-і көз жұмды.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!