Египет қонақ үйінде жүздеген Ресей саяхатшылары ас-сусыз қалды

Фотография - Египет қонақ үйінде жүздеген Ресей саяхатшылары ас-сусыз қалды

Басқа шетелдік саяхатшыларды өз туристік операторлары басқа қонақүйлерге ауыстырды. Қонақүйде тек ресейліктер қалды.

199 0

Египеттің Шарм-эль-Шейх курорттық қаласындағы бесжұлдызды Savita қонақ үйінде бірнеше жүздеген Ресей саяхатшылары тамақсыз және сусыз қалды,олар осымен екінші күн тамақ және ауызсу ала алмай отыр.

Мұнан басқа, демалушылардың сөзіне қарағанда, олардың нөмірлерін ешкім жинамайды, деп хабарлайды Росбалт.

Мәскеу саяхатшысының сөзіне қарағанда, қонақүйде ешқандай қызмет көрсетуші қызметкер жоқ, мейрамхана бос, барлық барлар жабық. Аниматорлар асханада тамақты өздері дайындайды және саяхатшыларға үлкен көлемде ішімдіктер ұсынады.

Жанынан безгендер басшылыққа дейін жеткізеді, саяхатшылар қазір қонақүй қақпасының алдында өзіне назар аударуды талап етіп, митинг өткізіп жатыр. алайда, әзірге ешкім демалушылардың мәселесімен айналысқысы келмейді. «Корал Трэвел» туристік операторының өкілдерімен байланысу қиын - олар таңертеңнен келеміз деп уәде еткен, бірақ әлі күнге олардың ешқайсысы келген жоқ, - деп хабарлайды интернет-БАҚ.

Ресейдің Туристік операторлар қауымдастығының директоры Майя Ломидзе хабарлағандай, Ресей саяхатшылары аталған қонақүйге дүйсенбі күні келді. Бұл уақытта қонақүйде басшылықтың ауысуы болған, осы кезде жаңа басшылар бұл туралы «Корал Трэвел» компаниясына хабарламай, қызметкерді жұмыстан шығарған.

Басқа шетелдік саяхатшыларды өз туристік операторлары басқа қонақүйлерге ауыстырды. Қонақүйде тек ресейліктер қалды.

РФ елшілігінің Каирдағы консулдық бөлімі жағдайды өз бақылауына алды, дипломаттар болған оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға тырысуда.


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!