АҚШ-тың бес президенті кездесті

Фотография - АҚШ-тың бес президенті кездесті

Джордж Буш атындағы Оңтүстік әдіснамалық университетінде АҚШ-тың бес президенті кездесті.

303 0

Джордж Буш атындағы Оңтүстік әдіснамалық университетінде АҚШ-тың бес президенті кездесті. Атап айтқанда, қазіргі басшы Барак Обама, Буштың үлкені мен кішісі, Билл Клинтон және Джимми Картер. Олардың кейбіреуінің жасы ұлғайып қалғанына қарамастан сергек көрінді.

Әрине, Ақ үй басшысы Барак Обама өзінің пре­зиденттік ұлықтау салта­на­ты өткен күн­нен бастап бір­қа­лып­ты, тың жағ­дайда. Ден­сау­лығы да жақсы. Осыдан бірер ай бұрын ол баскетбол алаңында ойынның нағыз классикалық үлгісін көрсеткiсі келген, бірақ шеңберге лақтырған 22 добының екеуі ғана тура түсті. Алайда ол баскетбол алаңында ойқастай ойнап, доп салудың шебері болмағанымен, темекі тастауын қоя алар емес. Күніне темекінің бірнеше қорабын тауы­сатын Ақ үй басшысы алайда бұл жаман әдеттен арылуға барын­ша шындап кіріскен сияқты. Сондай-ақ Барак Обаманың гольф ойнауға әуестігі жоғары.


АҚШ-тың 43-президенті кіші Джордж Буш болса, тау жолында велосипедпен жүргенді ұнатады. Ақ үйдегі қызметінен кеткеннен кейін ол өзінің сүйікті ісінен ажырай қойған жоқ. 66 жастағы кіші Буш жақында ғана велосипедпен тау жолындағы марафондық жарысқа қатысты. Бәсекенің аяғына дейін жеткен экс-президент жарты жолда жарақат алған әйелге көмектесіп, оны тауға қинал­май шығуына жәрдемдескен көрінеді. Кіші Буштың құрдасы, АҚШ-тың 42-президенті Билл Клин­тон болса, қазіргі уақытта қатаң диетада жүрген көрінеді. 2004 жы­лы жүрегіне операция жасаған ол 2011 жылдан бастап, жұ­мыртқа, ет, сүт ішуден бас тартқан. Соңғы екі жылда 11 келіге арық­таған ол алайда тың қалпында. 88 жасқа келген үлкен Джордж Буштың да көңіл күйі бір сәт жақсы болғанымен, соңғы жылдары оның Паркинсон сырқатына шалдыққаны белгілі. Дегенмен 85 жасында парашютпен секірген ол денсаулығының мықты екендігін осындай қимыл әрекет ар­қылы дәлелдеген. Джимми Картер болса, 80-жылдардан бастап, АҚШ-та және әлемнің бірқатар елдерінде үй салумен айналысады. Бар ақшасын тұрғын үй құрылысына салған Джимми Картер бизнесі соңғы екі жылда айтарлықтай өскен. Қазір ол Гаити елінде алып құрылыстың жобасын қолға алған көрінеді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!