Солтүстік Кореяда АҚШ азаматы 15 жылға сотталды

Фотография - Солтүстік Кореяда АҚШ азаматы 15 жылға сотталды

Бае өткен жылы қарашада Солтүстік Кореяның портты Расон қаласына келген жерінде ұсталған еді. Таныстары оның туристік оператор болып жұмыс істегенін айтқан

119 0

Солтүстік Кореяда ұсталған америкалық азаматқа 15 жылға еңбекпен түзеу жазасы кесілді. Korean Central News агенттігінің хабарлауынша, Кореядан шыққан АҚШ азаматы Кеннет Бае елдің коммунистік режиміне "жаулық әрекеттер жасады" деген айыппен сотталған. Агенттік бұдан ары егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Бае өткен жылы қарашада Солтүстік Кореяның портты Расон қаласына келген жерінде ұсталған еді. Таныстары оның туристік оператор болып жұмыс істегенін айтқан.

Құрама Штаттар Пхеньянды "адамгершілік танытып" Баены босатуға шақырған. Бірақ Солтүстік Корея билігі оған құлақ аспады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!