АҚШ-та 5 жасар ұл 2 жастағы қарындасын атып тастады

Фотография - АҚШ-та 5 жасар ұл  2 жастағы қарындасын атып тастады

Оқиға орын алған кезде балалардың шешесі үйде болған

156 0

Америкалық Кентукки штатының Баркесвилл қаласында бес жасар бала, абайсызда екі жастағы қарындасын мылтықпен атып салды.

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, балақай 2012 жылы туған күніне сыйға тартылған 22 калибрлі мылтығымен ойнап отырып, байқаусызда от шығарып алған. Қару сақтандырғышпен жабдықталған, дегенмен белгісіз себептермен ол дұрыс жұыс істемеуі салдарынан оқ атылып кетіп, қыздың кеудесіне тиген.

Оқиға орын алған кезде балалардың шешесі үйде болған. Ал тергеу барысында мылтықтың оқтаулы тұрғанын ешкім білмейтін болып шыққан. Сондықтан да бұл оқиға бақытсыз жағдай деп бағаланып, жауапкершілікке ешкім тартылмайтын болды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!