Иранда жоғары шенді дипломат тұтқындалды

Фотография - Иранда жоғары шенді дипломат тұтқындалды

Иранның ISNA агенттігі наурыз айының ортасында Тегеранда жоғары дәрежелі ирандық дипломат Багер Асадидің тұтқындалғанын хабарлады. Дипломаттың не себепті тұтқындалғаны белгісіз күйінде қалып отыр

212 0


Иранның ISNA агенттігі наурыз айының ортасында Тегеранда жоғары дәрежелі ирандық дипломат Багер Асадидің тұтқындалғанын хабарлады. Дипломаттың не себепті тұтқындалғаны белгісіз күйінде қалып отыр.

Багер Асади бұған дейін Иранның Нью-Йорктегі БҰҰ миссиясының аға дипломаты, кейін дамушы елдердің D8 тобының Стамбулдағы хатшылығының директоры болған.

Асадидың Ирандағы реформистік қозғалыспен байланысы бар. Батыстық ақпарат құралдарына аты-жөнін атамауды сұраған сенімді дерек көзі Асадидің тұтқындалуы 14-маусымда өтетін президент сайлауымен байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Ол бұрынғы президент Мохаммад Хатамидің жақтасы. Дипломат бұдан бұрын ирандық консерваторларды адам құқықтарын "өрескел бұзып отыр" деп айыптаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!