Қытайда қой мен сиыр еті деп егеуқұйрық пен түлкінің етін сатқан

Фотография - Қытайда қой мен сиыр еті деп егеуқұйрық пен түлкінің етін сатқан

Қытайда егеуқұйрық пен түлкінің етін қой мен сиырдың еті деп сатқан кәсіпорынның 904 адамы қамауға алынды

982 0

Қытайда егеуқұйрық пен түлкінің етін қой мен сиырдың еті деп сатқан кәсіпорынның 904 адамы қамауға алынды. Бұл туралы ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі мәлімдеп отыр, деп жазады ИТАР-ТАСС.

25 қаңтардан бастап осындай 382 оқиға тіркеліп, 20 мың тонна заңсыз өнім тәркіленген, деп жазады Қытай БАҚ-тары министрлік өкіліне сілтеме жасап. 

Ет сатумен айналысатын компания сонымен қатар, егеуқұйрық  пен түлкінің етін ұзағырақ сақтау үшін түрлі химикаттар пайдаланған.

Цзянсу провинциясының Уси қаласында "қойдың етіне" химикаттар араласқан түлкінің, егеуқұйрықтың және қара күзеннің еті қосылған. Осындай жартылай фабрикатты ет өнімдерін сатқандар 10 млн юань (1,62 млн доллар) табыс тапқан, деп жазылған хабарламада.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!