Әлемдегі ең қауіпті терроршылар тізіміне әйел есімі енгізілді

Фотография - Әлемдегі ең қауіпті терроршылар тізіміне әйел есімі енгізілді

АҚШ федералды тергеу бюросы (ФБР) әлем болып іздеу салған қауіпті лаңкестер тізіміне әйел есімін қосты

212 0

АҚШ федералды тергеу бюросы (ФБР) әлем болып іздеу салған қауіпті лаңкестер тізіміне әйел есімін қосты, деп хабарлайды Росбалт.

АҚШ федералды тергеу бюросы сайтында хабарланғанындай, лаңкес әйелдің есімі - Джоан Дебора Чезимард. Бұған дейін ол «Бостандық армиясы» экстремистік тобында Ассаты Шакур деген есіммен танымал болған.

Чезимард Нью-Джерси полицейін атып тастағаннан кейін 1973 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген еді. 1979 жылы ол қапысын тауып, түрмеден қашып шыққан. Сол қашқаннан Кубаға өтіп кетіп, аталған елдің билігі оған саяси баспана береді.

ФБР мәліметінше, қазір әйелдің жасы 60-тан асқан екен. Оның тығылған жерін айтқан адамға ФБР 1 миллион доллар тағайындаған. Нью-Джерси штатының билігі Чезимардты ұстауға көмектескен адамға қосымша тағы 1 миллион доллар беруге уәде етіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!