Тамерлан Царнаевтың денесі туыстарына берілді

Фотография - Тамерлан Царнаевтың денесі туыстарына берілді

Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың мәйіті туыстарына берілді. Массачусетстің қоғамдық қауіпсіздік департаменті өкілінің айтуынша, Царнаевтың туыстары жалдаған жерлеу бюросының адамдары кеше марқұмның денесін мәйітханадан алып кеткен

185 0

Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті Тамерлан Царнаевтың мәйіті туыстарына берілді. Массачусетстің қоғамдық қауіпсіздік департаменті өкілінің айтуынша, Царнаевтың туыстары жалдаған жерлеу бюросының адамдары кеше марқұмның денесін мәйітханадан алып кеткен.

Америкалық сарапшылар 29 сәуірде Тамерлан Царнаевтың өлімінің ресми себебін анықтаған еді. Бірақ АҚШ үкіметі туыстары Царнаевтың мәйітін алып кетпейінше сараптама қорытындысын жарияламайтындарын айтқан.

Тамерлан Царнаев 19-сәуірде полициямен атыста оққа ұшқан еді. Оның бауыры, күдікті Джохар Царнаев қазір ауруханада.

Джохар Царнаевқа жарылыс жасады деген айып тағылып отыр. Егер ол кінәлі деп танылса, өлім жазасына кесілуі мүмкін. Бірақ ағайындылардың анасы балаларының жарылысқа қатысы барын жоққа шығарады.

15-сәуірде Бостонда марафон кезінде болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 264 адам жараланған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!