Карзай АҚШ-ты Гуантанамо түрмесін жабуға шақырды

Фотография - Карзай АҚШ-ты Гуантанамо түрмесін жабуға шақырды

Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-тан Кубадағы Гуантанамо түрмесін жабуды тағы сұрады

219 0


Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ-тан Кубадағы Гуантанамо түрмесін жабуды тағы сұрады.

Данияға жасаған сапарында Карзай Кабулдың Вашингтоннан Гуантанамо түрмесіндегі Ауғанстан азаматтарын босатуды сұрағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ауғанстан осымен бірнеше жыл бойына АҚШ-пен және БҰҰ-мен бірге бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып келеді.

Гуантанамода отырған 166 тұтқынның 100 шақтысы біраздан бері аштық жариялап жатыр. Карзай АҚШ үкіметін аштық жариялау мәселесіне адамгершілік тұрғыда қарауға шақырды.

Барак Обама президент сайлауына алғаш түскен кезде түрмені жабуға уәде берген еді. Бірақ оны орындаған жоқ.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!