Бостондық бомбадан табылған ДНК Царнаевтың әйеліне тиесілі емес

Фотография - Бостондық бомбадан табылған ДНК Царнаевтың әйеліне тиесілі емес

15 сәуір күні Бостондағы марафон кезінде жарылған бомбаның қалдықтарынан табылған әйел адамның ДНК-сы Тамерлан Царнаевтың жесірі Кэтрин Расселге тиесілі емес

119 0

15 сәуір күні Бостондағы марафон кезінде жарылған бомбаның қалдықтарынан табылған әйел адамның ДНК-сы Тамерлан Царнаевтың жесірі Кэтрин Расселге тиесілі емес.

Бұл туралы ABC News хабарлады.

Ағымдағы аптаның басында Федералды тергеу бюросының қызметкерлері 24 жастағы Расселден ДНК үлгілерін алған болатын. Тергеушілер бомбада табылған ДНК лаңкестердің көмекшісіне немесе қылмыскерлер жарылғыш заттарды әзірлеу үшін қосалқы бөлшектерді сатып алған дүкеннің сатушысына тиесілі болуы мүмкіндігін айтты.

Сондай-ақ ресми мәліметтер бойынша, Тамерлан Царнаевтың өлімі басына және денесіне атылған оқтардан болғандығы белгілі болды.

Кэтрин Рассел Царнаевтың әйелі болу үшін ислам дінін қабылдады. Ол терактіге қатысты мәселелерді анықтау үшін билікке көмек көрсетуде.

Еске салайық, 15 сәуір күні Бостонда өтіп жатқан марафон кезінде екі жарылыс болды. Үш адам қаза болып, 200-ден астамы жарақаттанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!