Қырғызстанда құлаған ұшақ экипажы әлі табылмады

Фотография - Қырғызстанда құлаған ұшақ экипажы әлі табылмады

Қырғызстанда апатқа ұшыраған АҚШ-тың жанармай таситын KC-135 Stratotanker ұшағының экипажын іздеу бүгін ата қайта басталды

258 0


Қырғызстанда апатқа ұшыраған АҚШ-тың жанармай таситын KC-135 Stratotanker ұшағының экипажын іздеу бүгін ата қайта басталды.

3-мамырда Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасына жақын маңда, Панфилов ауданының Чаволдар ауылына жақын жерде "Манас" әуе базасынан ұшып шыққан АҚШ транзиттік тасымалдау орталығына қарасты ұшақ апатқа ұшыраған еді.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Құбатбек Бороновтың айтуынша, кеше ұшақтың қара жәшігі табылған. "Біз экипаждың үш мүшесін іздеп жатырмыз. Егер олар ұшақ ішінде қалып қойған болса, онда түгі қалмай жанып, я күйіп кетуі де мүмкін. Себебі ұшақтың метал бөлшектеріне дейін түгел өртеніп кеткен" деді ол.

Оқиға орнында комиссия ұшақтың апатқа ұшырау себептерін зерттеп жатыр.

 


Тегтер:

ұшақ апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!