АҚШ шетел студенттерінің визаларын тексермек

Фотография - АҚШ шетел студенттерінің визаларын тексермек

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті Кеден және шекара күзеті қызметіне елге келетін шетелдік студенттердің студенттік визаларын мұқият тексеруге тапсырма берді

242 0

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті Кеден және шекара күзеті қызметіне елге келетін шетелдік студенттердің студенттік визаларын мұқият тексеруге тапсырма берді деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Бұған дейін Ақ Үй Бостондағы жарылысқа күдікті Джохар Царнаевтың айғақ заттарын жасырып қалмақ болды деп айыпталған қазақстандық студент Азамат Тажаяков АҚШ-қа қаңтар айында мерзімі өтіп кеткен студенттік визамен кірген деп хабарлаған еді.

Агенттіктің дерегіне қарағанда, Тажаяков өткен жылы желтоқсанда АҚШ-тан кетіп, 20-қаңтарда қайтып барған. "Оны университеттен академиялық тұрғыдан шығарылып жібергендіктен студенттік визасының мерзімі қаңтардың басында аяқталған. Бірақ шекара қызметі агенттерінің Ішкі қауіпсіздік департаментінің студенттер мен елге келушілер туралы ақпараттық жүйесінен мәлімет алуға рұқсаты болмаған" дейді Associated Press.

Ішкі қауіпсіздік департаментінің өкілі Питер Бугарда осы аптаның басында үкіметтің Тажаяковқа елге кіруге қалай рұқсат берілгенін анықтап жатқанын айтқан еді.


Тегтер:

виза АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!