Б.Обама Сирияға әскерді кіргізбеуге уәде етті

Фотография - Б.Обама Сирияға әскерді кіргізбеуге уәде етті

АҚШ Президенті Барак Обама америкалық әскерлердің Сирия аумағына кіргізілуі мүмкіндігін жоққа шығарды

184 0

АҚШ Президенті Барак Обама америкалық әскерлердің Сирия аумағына кіргізілуі мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл туралы РБК хабарлады.

Тиісті мәлімдемені америкалық көшбасшы осы уақытта сапармен жүрген Коста-Рикада өткен баспасөз мәслихатында жасады.

Журналистер алдында сөйлеген Б.Обама Сирияға әскерлерді жіберу мәселесін қарастырып отырмағандығын нақты айтып өтті.

«Әскерлерді жіберуді көздейтін сценарийді қарастырып отырғанымыз жоқ», - деп мәлім етті АҚШ Президенті.

Б.Обама сондай-ақ Құрама Штаттар Башар Асадтың үкіметінің химиялық қаруды пайдалануы мүмкіндігіне қатысты қандай да бір асығыстық шешім қабылдамайтындығын атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!