Ресейлік зейнеткер інісінің отбасын қырып салды

Фотография - Ресейлік зейнеткер інісінің отбасын қырып салды

 Бұл туралы РБК Ресей ІІМ-нің аймақтық басқармасына сілтеме жасап, хабарлауда.

187 0

Ресейдің Челябі облысында зейнеткер туысқанының отбасын қырып тастаған. Соңынан өзін өзі өлтірмек болған. Бұл туралы РБК Ресей ІІМ-нің аймақтық басқармасына сілтеме жасап, хабарлауда.

Трегедия 5 мамырдың түнінде болған. Лебединое поселкесінің ішімдікке тойып алған 60 жастағы тұрғыны інісінің үйіне мылтықпен келіп, жанжал шығарған. Ерегіс соңында ол інісі мен оның әйелін және өз қызы мен күйеу баласын атып тастаған. Осыдан соң өзін өзі кеудеден атпақ болған.

Оқ тиген інісі мен оның әйелі, күйеу баласы сол жерде жан тапсырады. Зейнеткер мен оның қызы жаралы күйінде ауруханаға жеткізілген.

Құқық қорғау органдары оқиғаның себеп-салдарларын анықтау үстінде.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!