Түркия аумағында жараланған сириялықтарды өлтіріп, органдарын ойып алуда

Фотография - Түркия аумағында жараланған сириялықтарды өлтіріп, органдарын ойып алуда

деп хабарлайды САНА агенттігі «Ад-Дияр» ливандық агентігіне сілтеме жасай отырып.

257 0

Түркия аумағында жараланған сириялықтарды өлтіріп, одан соң органдарын ойып алуда, деп хабарлайды САНА агенттігі «Ад-Дияр» ливандық агентігіне сілтеме жасай отырып.

Басылым 4 мамырдағы нөмірінде жараланған жасөспірімдер мен бойжеткендер Анталия немесе Искендерун провинциясындағы ауруханаларға түскеннен кейін оларды ұйықтатып тастайды да, олардың бүйрек, жүрек, кейде тіпті көздерін де ойып алғаны туралы жазады. Содан кейін көз жұмғандарды Түркия аумағына жерлеп, олардың туыстарына балалары қайтыс болды және мәйітті Сирияға жіберу мүмкін емес деп хабарлаған.

Басылым ұлты француз дәрігерлердің бірінің сөзін дерекке келтірді. Дәрігер осыдан екі бұрын болған оқиғаны баяндап берген. Сириялық жас жігіт Идлеб провинциясындағы Салькин аулында аяғынан жараланады. Ол Түркияға, Сириямен шекаралас жатқан ауданға жіберіледі, жігіт сол жерде көз жұмады. Француз дәрігері бір сұмдықтан сезіктеніп, мәйітті тексермек болады. Дәрігер жас жігіттің өкпесі ойылып алынғанын анықтаған. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!