Ауғанстанда бір күнде жеті американдық сарбаз қаза тапты

Фотография - Ауғанстанда бір күнде жеті американдық сарбаз қаза тапты

Олардың бронды көлігі Қандағардағы жолда жарылғыш құрылғыға тап болды.

141 0

 Сенбіде Ауғанстандағы америкалық жеті сарбаз мерт болды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Ауған билігінің мәліметіне қарағанда, аталған сарбаздардың бесеуі елдің оңтүстігінде ажал құшқан. Атап айтқанда, олардың бронды көлігі Қандағардағы жолда жарылғыш құрылғыға тап болды.

Ал келесі оқиға мемлекеттің батысындағы Фарах провинциясында орын алды. Ауғанстан сарбазы халықаралық әскер құрамындағы екі америкалық жауынгерді атып өлтірген.

Бұдан бұрын осы аптада Гильменд провинциясында жол жиегіндегі жарылыстың салдарынан үш британдық әскер қаза тапқан еді.


Тегтер:

авганистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!