2012 жылы бортындағы 13 адаммен жоғалып кеткен Ан-2 ұшағын аңшылар тауып алды

Фотография - 2012 жылы бортындағы 13 адаммен жоғалып кеткен Ан-2 ұшағын аңшылар тауып алды

Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді.

224 0

Ресейдің Свердлов облысында осыдан бір жыл бұрын жоғалып кеткен Ан-2 ұшағын уралдық аңшылар тауып алды. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті мәлімдеді.

2012 жылдың 11 маусымы күні Ан-2 ұшағы Свердлов облысына қарасты Серов қаласының әуежайынан еш рұқсатсыз белгісіз бағытқа ұшып шыққан. Бортында 13 адам болған әуе көлігі сол кеткеннен ғайып болған. 13 адамның ішінде Серов қаласы жол қозығалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының (ГИБДД) бастығы Дмитрий Ушаков та болған. Ресейліктер ұшақты жабыла іздегенімен бүгінге дейін еш дерек тапаған еді.

Ан-2 ұшып шыққан жерінен 8 шақырым жердегі батпақтан табылған.

Осыған орай, былтыр ұшақтың жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері әрі қарай жалғасатын болады, деп хабарлауда РФ тергеу комитеті.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!