Каддафи тұсындағы Ливия шенеуніктері қызметтен кетеді

Фотография - Каддафи тұсындағы Ливия шенеуніктері қызметтен кетеді

Ливия парламенті экс-президент Муаммар Каддафи тұсында билікте болған шенеуніктерге жаңа үкіметте қызмет етуге тыйым салатын заң қабылдады.

242 0

Ливия парламенті экс-президент Муаммар Каддафи тұсында билікте болған шенеуніктерге жаңа үкіметте қызмет етуге тыйым салатын заң қабылдады.

Депутаттар жаңа заңды 2011 жылы Каддафи билігін күшпен құлатуға қатысқан қарулы топтар мүшелері бірнеше күн бойына ереуіл өткізген соң қабылдап отыр. Олар заңға бұрынғы режим өкілдерінің қызмет істеуіне тыйым салатын өзгерістердің әлі қабылданбағанына наразылық білдірген еді.

Сарапшылардың пікірінше, шектеуден соң қазіргі үкімет мүшелерінің бірқатары отставкаға кетуі мүмкін. Мысалы, премьер-министр Али Зидан оппозицияға келгенше, Каддафи тұсында 1980 жылға дейін дипломат болған еді. Олар заң Зиданның 1980-жылға дейін атқарған қызметі оған жаңа үкіметте қызмет етуге тыйым салуға негіз бола ала ма деген сұраққа жауап бермейді дейді.

Муаммар Каддафи 2011 жылдың қазан айында көтерілісшілер қолынан қаза тапқан еді. Кейін оның ұлы Саиф әл-Ислам, қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Абдулла әл-Сенусси тұтқындалған.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!