Мысыр премьер-министрінің кортежіне оқ атылды

Фотография - Мысыр премьер-министрінің кортежіне оқ атылды

 Жексенбі, 5 мамыр күні Каирде Мысыр премьер-министрі Хишам Кандиланың кортежі оқ астына алынды.

168 0

 Жексенбі, 5 мамыр күні Каирде Мысыр премьер-министрі Хишам Кандиланың кортежі оқ астына алынды.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Мысыр ІІМ-нің өкілдері мәлім еткендей, Докки ауданында мысырлық үкімет басшылығы кортежінің қатарына бөтен көлік ығысып кірмек болған. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері машинаны жолдың жиегіне шығарып жібермекке әрекеттенгенде, ондағы адамдардың бірі екі рет оқ атқан. «Оқиғаның  саяси астары» жоқ, деп атап өтті Мысыр ІІМ-нен.

Полиция оқ атылған көлікті қуып жетіп, ондағы 18-29 жас аралығындағы бес азаматты тұтқындады. Қауіпсіздік қызметіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасап Agence France-Presse-тің хабарлауынша, ұсталғандар кортеждегі көліктердің бірінде премьер-министрдің болғанын білмеген және қаруды оның көлігіне кеземеген.

Оқиға салдарынан көліктердің бірінің жүргізуші оқ жарақатын алды. Бірақ AFP-дің ақпарат көзі оның кортеждегі көліктің не олардың жанынан өтіп бара жатқан өзге машинаның жүргізуші екендігін анықтамады.


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!