Саудиялық қыздар мектепте спортпен айналыса алатын болды

Фотография - Саудиялық қыздар мектепте спортпен айналыса алатын болды

Сауд Арабиясы жекеменшік мектептерінде қыздардың спорт сабақтарына қатысуына рұқсат етілді

273 0

Сауд Арабиясы жекеменшік мектептерінде қыздардың спорт сабақтарына қатысуына рұқсат етілді.

Шариғат заңдарын басшылыққа алатын Сауд Арабиясында қыздарға арналған мемлекеттік мектептерде дене шынықтыру сабағына, қыздардың спорт үйірмелеріне баруына тыйым салынған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, білім министрлігі жекеменшік қыздар мектептерінде қыздардың "шариғат талаптарын орындай отырып" дене шынықтыру пәніне қатысуына рұқсат еткен. Министрлік жекеменшік мектептерге қыздарға арналған спортзалдар мен спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге тапсырма берген. Оқушылар дене шынықтыру сабағына "арнайы формамен" келуі қажет. Ал сабақты тек саудиялық әйел мұғалім ғана жүргізуі тиіс.

Сауд Арабиясы бұған дейін ересектердің спорт жарыстарына әйелдерді жібермейтін болған. Әйелдерге тек 2012 жылы ғана олимпиада жарыстарына хиджабпен қатысуға рұқсат етілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!