Шешенстанда елдің бәрі Әнұранды жатқа айтуға міндетті

Фотография - Шешенстанда елдің бәрі Әнұранды жатқа айтуға міндетті

Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров мемлекеттік қызметкерлер мен мектеп оқушыларын елдің Әнұранын жаттауға міндеттеді, деп хабарлайды әкімшілік баспасөз қызметі

307 0

Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров мемлекеттік қызметкерлер мен мектеп оқушыларын елдің Әнұранын жаттауға міндеттеді, деп хабарлайды әкімшілік баспасөз қызметі.

Шешен президенті барлық мектеп директорларына әрбір оқу аптасы мектептің дүйсенбілік сап түзеуінде Ресейдің және Шешенстанның Әнұран айтумен басталуы тиіс деген тапсырма берді. Ол осы арқылы балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға болатынын айтты. Сондай-ақ: « Мен мемлекеттік қызметкерлердің өз мемлекетінің және республикасының Әнұранын білмеуі дұрыс емес деп санаймын. Ондайлар кездессе, кемшілікті түзету керек»,– деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!