Сауд Арабиясында қанішердің басы шабылды

Фотография - Сауд Арабиясында қанішердің басы шабылды

Бұл туралы AFP елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

268 0

Сауд Арабияcында әйел адамды өлтірді деген айыппен қылмыскердің басы шабылды. Бұл туралы AFP елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

ІІМ мәліметіне қарағанда, Хуссам аш-Шарари (Hussam al-Sharari)есімді тұрғын әйелді зорламақ ниетпен, сұмпайы ойын іске асырмақ болған. Байғұс әйел қарсылық көрсеткен соң, қатігездікпен мойынын кесіп өлтірген. Қанішер Сауд Арабияның солтүстігіндегі Сакака қаласының Эль-Джауф провинциясында лайықты жазасын тартты.

Ресми деректерге сүйенсек, бұл Сауд Арабиясындағы 2013 жылдан бері 37-інші өлім жазасы болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, зорлық, адам өлтіру, дін бұзушылық, қарулы ұрлық жасау және есірткі бизнесімен айналысу сияқты қылмыстық әрекеттерге ең қатаң жазалау шарасы қолданылады.


Тегтер:

Арабия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!