Британ тағының мұрагері Чарльздің көкөніс сататын дүкені жабылды

Фотография - Британ тағының мұрагері Чарльздің көкөніс сататын дүкені жабылды

Дүкеннің жабылуына заттарының құнының қымбат болып пайда әкелмеуі себеп болған.

158 0

Дағдарыс кесірінен Британ тағының мұрагері Чарльздің көкөніс сататын дүкені жабылды.

Оның The Veg Shed («Вегетарианның құжырасы») атты дүкені  Англияның оңтүстік батысында Глостершир графтығының Хайгроув деген жерінде орналасқан. Сауда орны ханзаданың осы маңайдағы шаруа қожалығында өсірілетін көкөніс, жеміс-жидектерді сатады.

Дүкеннің жабылуына заттарының құнының қымбат болып пайда әкелмеуі себеп болған.

Чарльз ханзаданың кеңсесі дүкеннің жабылуын «тұтынушылар ғаламтор арқылы тапсырыс беруге көшкендіктен», деп ақталған. Яғни, ханзаданың бақшасында өсірілген көкөністі тек ғаламтор арқылы ғана тапсырыс беріп алуға болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!