Ана мен бала өмірі ең қауіпсіз ел - Финляндия

Фотография - Ана мен бала өмірі ең қауіпсіз ел - Финляндия

Қазақстан бұл рейтингте 65-орынды иеленген.

6328 0


Save The Children қайырымдылық ұйымы әлем елдеріндегі ана мен балаға жағдай жасау көрсеткіштеріне арналған жыл сайынғы есебін жариялады.

Ұйым ана денсаулығы, әйелдердің білім алуы мен табысы және бала өлімінің деңгейін есепке алып, 176 елдің рейтингін түзген. Тізімде ана мен балаға жағдай ең жақсы жасалған ел Финляндия болып танылған. Ал тізімнің соңында Конго Демократиялық Республикасы тұр. Рейтингтің соңында тұрған он мемлекеттің бәрі Африканың тропикалық аймағында орналасқан.

Ұйым деректеріне қарағанда, Конгода 30 әйелдің біреуі босану кезінде немесе басқа да жағдайларда қаза табады. Ал Финляндияда 12200 әйелдің біреуі ғана босану кезінде қайтыс болады.

Жаңа туған балалар ең көп қайтыс болатын ел - Үндістан. Save The Children мұнда жыл сайын 310 мыңға тарта жаңа туған сәби шетінейтінін келтіреді.

АҚШ әйелдердің өмір сүру сапасы жөнінен 30-орында тұр. Дамыған елдер арасындағы жаңа туған бала өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші Құрама Штаттарда тіркелген.

Қазақстан бұл рейтингте 65-орынды иеленген.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!