Саакашвили Ресейден газ импорттауға қарсы

Фотография - Саакашвили Ресейден газ импорттауға қарсы

Грузия президенті Михаил Саакашвили үкіметтің Ресейден қайтадан табиғи газ экспорттай бастау туралы мәлімдемесін сынады.

272 0

Грузия президенті Михаил Саакашвили үкіметтің Ресейден қайтадан табиғи газ экспорттай бастау туралы мәлімдемесін сынады. Бакуде журналистер алдында сөйлеген Саакашвили Ресейді Грузияның энергетикалық импортері ретінде қарастыру "ел тәуелсіздігін қайта талқыға салумен" бірдей екенін айтты.

Саакашвилидің сөзінше, Грузия газды көршілес Әзербайжаннан сатып алуы керек және көмірсутегі шикізаты мәселесінде Ресейден толық тәуелсіз болуы тиіс. Ол бұл мәселеге байланысты премьер-министр Бидзина Иванишвилидің түсінік беруін сұрады.

6 мамырда грузиялық ақпарат құралдарында энергетика және табиғи ресурстар министрі Каха Каладзенің "Тбилиси Ресейден қайтадан газ импорттай бастауы керек" деген сыңайдағы пікірі жарияланған еді.

Грузия Ресейден газ импорттауды 2007 жылы тоқтатып, оның орнына Әзербайжаннан сатып ала бастаған.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!