Ресейліктердің 50 %-ы өмір сүрудің қиындығын мойындап отыр

Фотография - Ресейліктердің 50 %-ы өмір сүрудің қиындығын мойындап отыр

Бүкілресейлік қоғамдық пікірлерді зерттеу орталығы ресейліктердің өмір қиындықтарын қалай бағалайтыны, тосын жағдайларға қалай бейімделетіні туралы мәліметтерді ұсынды

139 0

Бүкілресейлік қоғамдық пікірлерді зерттеу орталығы ресейліктердің өмір қиындықтарын қалай бағалайтыны, тосын жағдайларға қалай бейімделетіні туралы мәліметтерді ұсынды. 

Ресей азаматтарының 54% «өмір сүру қиын, бірақ төзуге болады» десе, 37%-ы өз өміріне көңілдері толатындарын айтты. Сұралғандардың 9%-ы «тығырыққа тірелдік» деп ағынан жарылды.

«Өмір сүру қиын, бірақ төзуге болады» дегендердің 63% - ы қарт адамдар. Сауалнамаға қатысқандардың 12 пайызы жағдайымыз мүшкіл десе, 18 бен 24 жас аралығындағы жастардың 54 пайызы алдағы өміріне үмітпен қарайтынын сендірді.

Ресей азаматтарының жартысына жаңа өмір сүру жағдайларына бейімделу қажет емес екен. Олардың 49 % қалыпты өмір сүріп келеміз деп отыр. 18-24 жас аралығындағы азаматтар сұралғандардың 56 % қамтыды. Қатысушылардың 26 % -ы өзін шектеуге мәжбүр. Олардың 34 % қарт кісілер және 33 % орташа деңгейден төмен жалақы алатындар. Өмірдің жаңа талаптарына әлі де еті үйрене алмай жүргендер 8 пайызды құрады. Олардың 12 пайызы қарттар және 12 пайызы табысы аз отбасылар.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!