Өзбекстанда бүйрегі жоқ мәйіттер табылып жатыр

Фотография - Өзбекстанда бүйрегі жоқ мәйіттер табылып жатыр

Өзбекстанның Шыршық қаласында (Қазақстанмен шекаралас орналасқан) жуырда бүйректері жоқ екі адамның мәйіті табылды.

125 0

Өзбекстанның Шыршық қаласында (Қазақстанмен шекаралас орналасқан) жуырда бүйректері жоқ екі адамның мәйіті табылды.

Мәйіттер 4 мамырда сенбі күні таңертең жергілікті мектептердің бірінің маңынан табылған. Марқұмдардың денесін мектеп қарауылы көріп, тәртіп сақшыларына хабарласыпты.

Кейбір ақпарат көздерінде жазылғандай, қанды оқиға мүлдем басқа жерде орын алған. Өйткені, мәйіттердің бүйрегін көшеде кесіп алу мүмкін емес. Қылмыскерлер жәбірленушілерді өлтіріп болғаннан кейін ғана денелерін мектеп маңына алып келіп тастап кеткен дейді жергілікті БАҚ өкілдері.

«Күдіктілер әлі ұсталған жоқ. Қалада арнайы жасақ жүр. Олар көзіне көрінген азаматтарды полиция бөліміне алып барып, саусақтарының іздерін алуда» дейді Шыршық тұрғындарының бірі.

Жергілікті халықтың айтуынша, құқық қорғаушылардың қабілетсіздігінің салдарынан қарапайым тұрғындар жапа шегіп отырған көрінеді. «Кез-келгенге тиісіп, «заң шеңберінде» деген желеумен жолындағының барлыңын жайпайды» деп жазады «Ферғана».

Айтуларынша, тәртіп сақшылары жазықсыз адамды күштеп мойындатуды шебер меңгерген көрінеді. Мәселен, бірнеше жыл бұрын әйел мен оның екі баласының өліміне қатысты қылмыстық іс қоғалып, қаланың жартысына жуығы күдікті ретінде ұсталған. Ал, аталған қылмысты 47 адам өз мойнына алып, қолхат жазып беріпті.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!