Лондонда «люкс» санатындағы үйлер қымбаттады

Фотография - Лондонда «люкс» санатындағы үйлер қымбаттады

Лондон орталығындағы «люкс» санатты үйлер сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға қымбаттады. Ал, жыл басынан бері бұл өсім үш пайызға артқан. Басты себеп – шетелдік сатып алушылар тарапынан сұраныстың көбеюі.

140 0

Knight Frank компаниясының мәліметінше, Лондондағы қымбат үйлердің бағасы бір жылдың ішінде 7,7 пайызға өсіп отыр. Сарапшылар болса нарықтағы мұндай өсімді күтпегендігін айтып отыр.

Олардың айтуынша, құны 2-3 миллион фунт болатын үйлердің сатылымы бір жылдың ішінде 16 пайызға кеміген. Дегенмен, 2 миллион фунттан арзан баспаналардың сатылу көрсеткіші керісінше алты пайызға артып отыр.

Естеріңізге салайық, жуырда ғана Ұлыбританияда қаржы министрі Джордж Осборнның тапсырмасымен салық төлеу саласында заң жүейсі күшейтіле түсті. Ел үкіметі құны 2 миллион фунттан асатын үйлердің алып-сату келісімшарттарының салығын 5 пайыздан 7 пайызға дейін көтерген болатын.

Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!