Египет тұрғыны қызын Facebook деп атады

Фотография - Египет тұрғыны қызын Facebook деп атады

20 жастағы Жамал Ибрахим осылайша Египетте жаппай қарсылық ұйымдастыруда маңызды рөл атқарған әлеуметтік желіге құрметін білдірген.

276 0

Египет тұрғыны қызын Facebook деп атаған көрінеді. 20 жастағы Жамал Ибрахим осылайша Египетте жаппай қарсылық ұйымдастыруда маңызды рөл атқарған әлеуметтік желіге құрметін білдірген.

Topnews.ru ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, нәрестеге қазір туыстарынан ғана емес, бейтаныс жандардан да сыйлықтар көптеп келіп жатқан көрінеді.

Нәрестенің толық аты-жөні Фейсбук Жамал Ибрахим.

Фейсбук ресурсының ақпаратына қарағанда, Египетте бұл желіні 5 миллион адам пайдаланады екен.


Тегтер:

мысыр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!