Брюссельде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан кеңестік және бельгиялық жауынгерлерге тағзым етілді

Фотография - Брюссельде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан кеңестік және бельгиялық жауынгерлерге тағзым етілді

Бүгін Ұлы Жеңістің 68 жылдығы күні қалыптасқан дәстүр бойынша Брюссельде аккредиттелген дипломатиялық миссия өкілдері Бельгияны азат ету жолында қаза тапқан кеңес жауынгерлері мен Қарсыласу қозғалысына қатысқан бельгиялық азаматтардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімін өткізді.

282 0

Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуроодақ пен НАТО-дағы миссия басшысы Алмаз Хамзаев, Бенилюкс елдеріндегі әскери атташе подполковник Марат Шаймерденов және НАТО-дағы ҚР ҚМ әскери өкілі Қанат Әубәкіров қатысты.

Жыл сайын Жеңіс күнінде ескерткішке гүл қою салтанаты өткізіледі. Іс-шараға ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің шетелдік өкілдіктерінің әкімшілік-техникалық қызметкерлері және офицерлері, дипломаттары, Орыс православ шіркеуінің өкілдері, АҚШ және Ұлыбританияның әскери атташе және елшілік дипломаттары және т.б. қатысады. Бельгия тарапынан бұл шараға Қорғаныс министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, қалалық билік және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысады.

Тегтер:

Брюссель

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!