Бангладеште киім фабрикасының опырылып құлауынан қаза тапқандар саны 1035 адамға жетті

Фотография - Бангладеште киім фабрикасының опырылып құлауынан қаза тапқандар саны 1035 адамға жетті

Бангладеште киім тігетін фабрика мен сауда нүктелері орналасқан ғимараттың опырылып құлауы салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 1035-ке жетті.

260 0

Бангладеште киім тігетін фабрика мен сауда нүктелері орналасқан ғимараттың опырылып құлауы салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 1035-ке жетті.

Бұл туралы France Presse қайғылы оқиға орнында адамдарды іздеу шараларына жұмылдырылған әскери бөлімшенің жетекшісі генерал Сиддикуля Алама Сикдераға сілтеме жасап хабарлады.

Жұмаға қараған түнде билік өкілдері қаза тапқандардың саны мыңға жеткендігін мәлім еткен болатын. Дегенмен бүгін таңертең қайта жанданған іздеу жұмыстары барысында әскери қызметшілер үйінділер астынан тағы 35 адамның мүрдесін тапты. әзірше із-түссіз жоғалғандардың саны қанша екендігі туралы нақты ақпарат жоқ. Үйінділерді аршу жұмыстары жалғасуда. Билік орындары қаза тапқандар саны бұдан да арта түсу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Естеріңізге сала кетейік, Даккидегі Rana Plaza кешені 24 сәуір күні құлаған болатын. Ғимаратта киім тігетін 4 фабрика, банк және көптеген дүкендер болған. Ғимарат иесі Мұхаммед Сохель Рана 28 сәуір күні Үндістанмен шекарада қолға түскен еді. Аталған іс бойынша тағы 8 адам тұтқындалды.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, ғимараттың опырылып құлауына төбеге орналасқан 4 электр генераторының жұмысы себеп болған. Олар туындатқан дірілді, ғимарат ішіндегі мыңдаған тігін машинасының  жұмысы одан ары күшейтіп жіберген. Нәтижесінде дәл осы діріл ғимараттың опырылып құлауына түрткі болған.


Тегтер:

апат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!