Кибер қылмыстық топ 45 миллион доллар ұрлаған

Фотография - Кибер қылмыстық топ 45 миллион доллар ұрлаған

Бұл - тарихтағы ең ірі банк тонау оқиғаларының бірі.

268 0

АҚШ тергеушілерінің айтуынша, кибер қылмыстық топ банк клиенттерінің дебет карталары дерегін біліп алып, әлемнің 27 еліндегі банкоматтардан 45 миллион АҚШ долларына жуық ақша ұрлаған.

Бұл - тарихтағы ең ірі банк тонау оқиғаларының бірі.

Топ Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Жапония, Пәкістан, Румыния, Ресей, Украина және АҚШ-тағы банкоматтардан ақша алған. Прокурорлардың айтуынша, ақша ұрлау операциясы екі кезеңмен (желтоқсанда және ақпанда) өткен.

АҚШ-та осы топқа қатысы бар деген күдікпен жеті адам тұтқындалды. Оларға "бір күннің ішінде 2,8 миллион доллар ақша алды" деген айып тағылған.

Күдікті топтың жетекшісі өткен айда Доминиканда өлді деп хабарланды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!