Америка азаматы бульдозер ұрлап, бірнеше тұрғын үйді қиратты

Фотография - Америка азаматы бульдозер ұрлап, бірнеше тұрғын үйді қиратты

Бүгінгі таңда полицейлер заң бұзушыны ұстады. Олар оның әрекетінің себептерін анықтауда.

142 0

Өткен жұма күні Америка азаматы бульдозер ұрлап, 20 минут бойы Порт-Анджелс шағын америкалық қалашығының (Вашингтон штаты) тұрғын үйлерін қиратты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Бүгінгі таңда полицейлер заң бұзушыны ұстады. Олар оның әрекетінің себептерін анықтауда.

«Бұл адамның кесірінен екі тұрғын үй толығымен қирады, сондай-ақ ондаған электр желісінің бағаналарына зақым келді», - деп әңгімеледі жергілікті БАҚ өкілдеріне округтің полиция бөлімшесінің шефі Клэллэм Рон Кэмерон.

Оның айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Тек оқиға болған Бэйкер көшесінің тұрғындары бірнеше сағатқа электр жарығынсыз қалды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!