Гватемаланың экс-диктаторы геноцид үшін 80 жылға сотталды

Фотография - Гватемаланың экс-диктаторы геноцид үшін 80 жылға сотталды

Монтт биліктен кеткеннен кейін өз елінде геноцид үшін сотталған алғашқы мемлекет басшысы атанды.

282 0

Сот үкімімен Гватемаланың бұрынғы басшысы Эфраин Риос Монтт 80 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол диктатура кезінде әскери қылмыстар жасап, үндістерді шеттеткені үшін айыпталды, деп хабарлады Reuters.

Әскери барлау қызметінің бұрынғы басшысы Хосе Родригес Санчес ақталды. 86 жасар Монтт геноцид үшін 50 жылға және адамгершілікке қарсы қылмыстары үшін 30 жылға бас бостандығынан айрылды.

Генерал билікке әскери жанжал кезінде 1982 жылы келген және 1983 жылы кезекті әскери шабуыл кезінде тақтан тайдырылған. Ол басқарған бір жарым жыл ішінде Гватемала әскері жергілікті халыққа қарсы түрлі жаппай жазалау шараларын ұйымдастырды. Құқық қорғау ұйымдарының мәліметтері бойынша, сол уақытта 10 мыңнан аса тұрғын өлтірілді, дегенмен прокуратура бұрынғы диктаторды ресми түрде тек 1171 адамның өлімі үшін айыптап отыр.

Монтт биліктен кеткеннен кейін өз елінде геноцид үшін сотталған алғашқы мемлекет басшысы атанды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!