Американдық әйелі мен сәбиін өлтіріп, қалған балаларын кепілдікте ұстап отыр

Фотография - Американдық әйелі мен сәбиін өлтіріп, қалған балаларын кепілдікте ұстап отыр

 Тәртіп сақшыларының айтуынша, әйел мен нәрестенің мәйіті әлі де болса үй ішінде.

120 0

АҚШ-тың Трентон қаласында жергілікті тұрғын өз әйелі мен сәбиін өлтіріп, қалған екі баласын кепілдікте үйінде ұстап отыр деп хабарлайды NBC News. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әйел мен нәрестенің мәйіті әлі де болса үй ішінде.

Оқиға орнына 15.30-да келіп жеткен құқық қорғаушыларына болған жайтты көршілері хабардар еткен. Үйге дереу кірген полицейлер қорлықпен өлтірілген әйел денесін байқаған сәтте күдікті өз балаларына тапанша тосып, тәртіп сақшыларын үйінен қуып шыққан көрінеді.

Оқиға орнын қоршауға алған арнайы жасақ өкілдері дәл қазір күдікті ер азаматпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Сол маңайда тұратын тұрғындар қауіпсіз аймаққа шығарылды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!