Түркияда бірнеше жарылыс болып, кемінде 40 адам көз жұмды

Фотография - Түркияда бірнеше жарылыс болып, кемінде 40 адам көз жұмды

Сириямен шекарада орналасқан Түркияның Рейханлы қаласында бірнеше жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 40 адам көз жұмды, 100-ге жуығы жарақаттанды.

113 0

Сириямен шекарада орналасқан Түркияның Рейханлы қаласында бірнеше жарылыс болып, салдарынан кем дегенде 40 адам көз жұмды, 100-ге жуығы жарақаттанды.

Бұл туралы РБК түркиялық БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлады. Алғашында қаза болған 18 және зардап шеккен 20 адам туралы айтылды.

Елдің ішкі істер министрі Муаммер Гулер бұл мәліметтерді жартылай растады. Шенеунік сондай-ақ, қалада екі жарылыс болғанын және жарылғыш заттардың екеуі де тұраққа қойылған автокөлікте болғанын қуаттады. Олардың бірі жергілікті әкімшілік ғимаратының алдында іске қосылды.

Әзірге жарылыстар үшін жауапкершілікті лаңкестік топтардың ешбірі мойындарына алмады.

Жарылыстар Түркия мен Сирия арасындағы шиеленісе түскен қарым-қатынастардың салдарынан орын алды. Оппозиция мен Дамаск арасындағы қаруланған қақтығыс оны тек өршіте түсті. Қазіргі уақытта Түркияға 300 мыңнан астам сириялық босқын қоныс аударды. Олардың дені шекаралас аумақтарда орналасқан лагерьлерде тұрады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!