Иран президентіне үміткерлер саны жарты мыңға жуықтады

Фотография - Иран президентіне үміткерлер саны жарты мыңға жуықтады

Тек соңғы күннің ішінде ғана жүзге тарта өтінім берілді.

150 0

Дәлірек айтсақ. 455 адам. Президенттікке үміткер ретінде тіркелудің соңғы күні кеше аяқталды. Тек соңғы күннің ішінде ғана жүзге тарта өтінім берілді.

Жарты мыңға жуық үміткердің 14-і - әйелдер. Барлық тілек білдірушілерді Ислам революциясын қорғау корпусы - елде исламдық құқық нормаларының сақталуын бақылайтын орган тексеруі тиіс.

Президенттікке үміткерлердің түпкілікті тізімі 23 мамырда жарияланады. «Азаттық» радиосы Иранда президент сайлауы 14 маусымда өтетін еске салады.

Жаңа мемлекет басшысы өкілдік мерзімі аяқталып келе жатқан қазіргі президент Макхмұд Ахмединежадтың орнын басады.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!